«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Алтынды отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ "Алтынды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ 2023 жылы 07 қараша күні мектеп Парламенті Президентін және "Өзін - өзі басқару" ұйымының мүшелерін ұлықтау рәсімі (инаугурация) өткізілді. Тәрбие құндылықтары: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ: Ұлттық мәдениетті дәріптеу, қоғам игілігі үшін қызмет ету, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу. АР-ҰЯТ: Әдеп нормаларын ұстану, адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, халқына адал қызмет ету. ТАЛАП: Білуге, жаңаны тануға құштар болу, дұрыс қарым-қатынас ората білу . Мектеп Президенті лауазымына 10 "А" сынып оқушысы Сулейменова Диана сайланды. Мектеп көшбасшылары: 1.Құқық және тәртіп фракциясының көшбасшысы- Сапарханқызы Айжұлдыз 2.Ақпарат фракциясының көшбасшысы-Влох Ванесса. 3.Спорт және салауатты өмір салты фракциясының көшбасшысы-Мусаев Никита. 4.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясының көшбасшысы- Көкейқызы Сымбат 5.Қамқорлық фракциясының көшбасшысы- Албакова Лиза. 6.Мәдениет және өнер фракциясының көшбасшысы- Суйениш Аружан. 7.Дебат қозғалысының көшбасшысы-Албакова Тамара. 8.Экология және еңбек фракциясының көшбасшысы- Жупарханқызы Назар. Мектеп Президентін және "Өзін - өзі басқару" ұйымының барлық мүшелерін берілген лауазымдарымен шын жүректен құттықтай және мектеп қабырғасындағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

14.11.2023

Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст